Сана Анарқұлованың командасы Сербия чемпионатының финалына шықты

Редактор Penalty.kz
13.04.2025, 15:47

Қазақстандық волейболшы Сана Анарқұлова өнер көрсететін сербиялық "Уб" командасы Сербия чемпионатының плей-офф кезеңінде финалға жолдама алды. 

sportarena.kz

Жартылай финалда "Уб" волейбол клубы "Тент" командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Қарсыластар арасындағы тартысты кездесудің партиялары мынадай есеппен аяқталды: 25:21, 25:20, 15:25, 25:22. Бұл нәтижемен "Уб" серияда 2:1 есебімен басым түсіп, финалға өтті. 

Финалда Сана Анарқұлова мен оның командаластары Сербияның беделді клубтарының бірі –, "Железничармен" кездеседі. Бұл шешуші матч Сербия чемпионатының ең мықты командасын анықтайды.

Айта кетейік, Сана Анарқұлова – Қазақстан волейболының жарық жұлдызы. Ол:

  • Қазақстанның 8 дүркін чемпионы,
  • 2021 жылғы клубтық Азия чемпионатының жеңімпазы,
  • 2010 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.