Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Футзалдан ұлттық құрама Вьетнамға қарсы тағы таңқалдырды

Редактор Penalty.kz
15.04.2025, 19:00

Қазақстан футзал құрамасы Хошиминде өткен екінші жолдастық кездесуде Вьетнам құрамасымен тең ойнады. 

instagram/@kff_team_futsal
Реклама
Реклама

Бірінші таймда Ерсұлтан Сағындыков пен Нұрсұлтан Пиялы қарсылас қақпасына екі гол соғып, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Үзілістен кейін қорғаныстағы қателіктер салдарынан біздің құрама екі гол жіберіп алды. Нәтижесінде матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

Еске сала кетейік, бірінші жолдастық кездесуде Вьетнам құрамасы күтпеген жерден Қазақстаннан 4:1 есебімен басым түскен болатын. Бұл нәтиже жанкүйерлер мен мамандарды таңқалдырғаны рас.

Екі құрама арасындағы ФИФА рейтингіндегі айырмашылық едәуір. Қазақстан әлемдік рейтингте 7-орында тұр, ал Вьетнам 31-орында орналасқан.

Екінші матчта Қазақстанның негізгі ойыншылары қатарында бірнеше жас әрі тәжірибесі аз футзалшылардың болуы — командада жаңару процесі жүріп жатқанын көрсетеді. Бапкерлік штаб алдағы турнирлерге кең құраммен дайындалуға ниетті екені байқалады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары