Қазақстандық велотрекші Гонконгтағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
20.04.2025, 22:22
Гонконг қаласында (ҚХР) велотректен Hong Kong International Track Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр.
kazsports.kz
68 елден 304 велошабандоз жиналған әлемдік додада ұлттық құрама спортшысы Рамис Дінмұхаметов омниум бағдарламасында мәреге бірінші болып келіп, алтыннан алқа тақты.
Омниум (ерлер):
- Рамис Дінмұхаметов (Қазақстан) — 136 ұпай
- Конор Лихи (Австрия) — 127 ұпай
- Канта Умезауа (Жапония) — 106 ұпай
Сонымен қатар командалық спринтте Қазақстан ерлер құрамасы (Данияр Шаяхметов, Кирилл Курдиди, Рамазан Мұхтар) күміске ие болды. Ал кейрин бағдарламасында бақ сынаған отандастарымыз Андрей Чугай 9-шы, Данияр Шаяхметов 12-ші, Кирилл Курдиди 17-ші орыннан көрінді.

Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама