Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Назым Қызайбай футбол жанкүйерлерін таңғалдырды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
25.04.2025, 19:10

Әйгілі қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай өз өнерімен тек бокста емес, футбол алаңында да таңдай қақтырды.

informburo.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны өзінің Instagram парақшасында ерекше видео жариялады. Онда Назым бірнеше футбол финттерін орындап, допты керемет бақылауда ұстайтынын көрсетті.

Оның шеберлігіне таңғалған бейнебаянда беймәлім комментатор:

“Ё-моё, қолынан бәрі келеді! Өзі аспаз!” – деп сүйсініс білдірді.

Еске сала кетейік, Назым Қызайбай — қазақстандық бокстың тарихындағы тұңғыш әрі жалғыз үш дүркін әлем чемпионы. Бұл тарихи жетістікке ол Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған соң қол жеткізді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары