Еуропада миллион, ал Азияда — тиын: "Жетісуға" берілген сыйақы жұртты шулатты

Редактор Penalty.kz
28.04.2025, 21:32

Талдықорғанның "Жетісу" әйелдер волейбол клубы Азия клубтары арасындағы Чемпиондар лигасындағы жеңісі үшін ресми түрде сыйақы алды.

el.kz

Құрлықтық турнирде жеңіске жеткен команданың жалпы сыйақысы бар болғаны 20 мың АҚШ доллары (шамамен 10,3 миллион теңге) болды. 

Осы жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Instagram-дағы пікірлерде жанкүйерлер былай деп жазуда:

  • “Еуропадағы ерлер мен әйелдер клубтарының Чемпиондар Лигасында жалпы жүлде қоры — 1,2 миллион доллар. Алматының “Буревестнигі“ кезінде Еуропада екі рет чемпион болған. Біз не істеп жүрміз Азия чемпионатында?”
  • “Бар болғаны 20 мың?!”
  • “20 мың доллар ұшақ билеттеріне, қонақүйге және тамаққа жетеді ме екен?”

Еске сала кетейік, ”Жетісу” Азия Чемпиондар Лигасының финалында Вьетнамның “Бинх Диен Лонг Ан” клубын 3:1 есебімен (25:14, 20:25, 25:23, 25:18) жеңіп, өз тарихында алғаш рет құрлықтық турнирдің жеңімпазы атанды.