Қазақстанның үздік волейболшысы Сербия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
29.04.2025, 06:27
Сербия чемпионатының плей-офф кезеңіндегі шешуші бесінші финалдық матчта Сана Анарқұлова өнер көрсететін "Уб" клубы "Железничармен" кездесті.
instagram/@zokub_
Өкінішке қарай, "Уб" командасы қарсыластарына 0:3 есебімен (25:15, 28:26, 25:16) жеңіліп қалды. Бұл нәтиже бойынша "Железничар" Сербияның әйелдер арасындағы волейбол чемпионатында чемпион атанса, ал Сана Анарқұлова ойнаған "Уб" клубы маусымды күміс медальмен аяқтады.
Сана Анарқұлова — Қазақстан волейболының нағыз мақтанышы. Ол:
- Сегіз мәрте Қазақстан чемпионы атанған,
- 2021 жылы өткен Азия клубтық чемпионатының жеңімпазы,
- 2010 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
Сербия. Superliga Women. Финал. 5-матч
"Железничар" – "Уб" 3:0 (25:15, 28:26, 25:16)
Жалпы сериядағы есеп: 3:2 "Железничар" пайдасына.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама