Букмекерлер кезеңі аяқталды: Тоқаев нарыққа жаңа тәртіп орнатты

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 12:50

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық шектеулерді азайтуға бағытталған маңызды заңға қол қойды. Бұл құжат бірнеше саланы түбегейлі өзгертеді.

obvk.kz

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына қатаң шектеу қойылды. Енді оларды ұялы құрылғылар мен интернет-платформаларда жарнамалауға тыйым салынды. Тек спорттық бағыттағы бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалау рұқсат етіледі. Сонымен бірге сотталған немесе шартты түрде сотталған азаматтарға құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады.

Президент қол қойған бұл заң – қоғамның денсаулығын жақсартуға, жастарды зиянды әдеттерден қорғауға арналған маңызды қадам. Жаңа ережелер ұлт санасын сақтау мен келер ұрпақтың амандығына бағытталған жауапкершілікті шешім ретінде бағаланады.