$5 миллион! Үкімет олимпиада жүлдегерлеріне сыйақыларын төледі

Редактор Penalty.kz
30.04.2025, 20:00

Министрлік ұзақ күтілген ақшалай марапаттар бойынша түсініктеме берді. 

Informburo.kz

Қазақстан Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне кешіктірілген сыйақыларды толықтай төледі. Туризм және спорт министрлігі 25 сәуірде спортшылар мен олардың бапкерлеріне 5 миллион 90 мың АҚШ долларына тең ақшалай марапатты аударғанын растады. Бұл сома ел тарихындағы ең ірі сыйақы көлемі саналады. Бұл туралы tengrisport.kz хабарлады. 

Олимпиада жүлдегерлеріне қанша төленді?

Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарында спортшыларға жалпы 1 миллион 85 мың доллар алды.
Сыйақы мөлшері төмендегідей:

  • 1-орын: $250 000
  • 2-орын: $150 000
  • 3-орын: $75 000
  • 4-орын: $30 000
  • 5-орын: $10 000
  • 6-орын: $5 000

Мәселен, Елдос Сметов — $250 000, ал Нариман Құрбанов, Демеу Жадыраев, Нұрбек Оралбайға 150 000 доллардан берілді. Назым Қызайбай, Ислам Сәтпаев, Александра Ле қола медаль жеңгені үшін $75 000 алды. 

Паралимпиада жүлдегерлері қанша алды?

Паралимпиада нәтижесі бойынша спортшыларға жалпы 1 миллион 460 мың доллар төленді.

  • Давид Дегтярев пен Ақмарал Науатбек — $250 000
  • Еркін Ғаббасов, Нұрдәулет Жұмағали — $150 000
  • Дағыстан Мұқашбеков, Даяна Федосова — $75 000
  • Камиля Досмалова, Нышан Өміралы — $10 000

Барлығы қанша жұмсалды?

  • Спортшыларға төленген жалпы сома: $2 545 000
  • Бапкерлерге дәл сондай мөлшерде төленді
  • Жалпы мемлекеттік шығын: $5 090 000

Мемлекет неге бұған дейін төлемеген?

Марапат төлеу уақыты созылып, қоғамда үлкен резонанс туындаған еді. Кей спортшылар сегіз ай бойы сыйақыларын күткен. Министрлік бұл мәселені Үкімет резерві есебінен шешіп, спортшылар алдындағы барлық міндеттемелерді орындағанын мәлімдеді.