Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Спортты дамыту дирекциясының басшысы 400 млн теңгені жымқырды

Сарапшы, спорт журналисі
30.04.2025, 21:13

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) брифингінде Спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы мен оның орынбасарына қатысты тергеу нәтижелері жария етілді.

фото ашық дереккөздерден алынды
Реклама
Реклама

Антикор мәліметінше, 2022–2023 жылдар аралығында олар алдын ала сөз байласу арқылы спорттық жабдық алуға бөлінген 397 миллион теңгені жымқырған.

Антикордың ресми хабарламасына сәйкес, бұл лауазымды тұлға 2021 жылы "Dat Corporation" ЖШС директоры қызметін атқарған кезінде де заңсыз әрекеттерге барған. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккейді дамытуға бөлінген 161 миллион теңге бюджет қаржысын иемденген.

Тергеу материалдарына сәйкес, Спортты дамыту дирекциясының басшысы қызметін 2022 жылдың 14 қазанынан бастап атқарған — Оралбай Жақсыбеков. Бұған дейін, 2021 жылдың 20 қыркүйегінен 2023 жылдың қаңтарына дейін, ол "Dat Corporation" ЖШС-нің директоры болған.

Аталған фактілерге байланысты Жақсыбековке қатысты бірнеше эпизод бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Енді сот шешімі бұл істің ақ-қарасын анықтамақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары