"Қайрат" Францияға жетті
01.05.2025, 17:08
Алматының "Қайрат" футзал клубы УЕФА Лига Чемпиондарының шешуші кезеңі өтетін Францияның Ле-Ман қаласына табан тіреді.
Instagram/@afckairat
Еуропаның ең мықты клубы атағы үшін төрт ұжым таласады:
- Қазіргі чемпион — испаниялық "Пальма"
- УЕФА ЛЧ-ның қос дүркін жеңімпазы — португалиялық "Спортинг"
- Қазақстандық "Қайрат" бұл жарыстың даңқты қатысушысы,
- алғаш рет финалдық кезеңге шыққан испанияляш "Картахена".
"Қайрат" финал жолдамасы үшін 2 мамыр күні алаңға шығады. Қарсыласы — финалдық кезеңдегі дебютант, Испанияның "Картахена" клубы.
Матч Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.
"Қайрат" футзал клубы — Еуропа аренасында тәжірибесі мол ұжым. Бұған дейін екі мәрте Лига Чемпиондарын бағындырған алматылықтар бұл жолы да бірінші орынды көздеп отыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама