Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

16 жастағы қазақ зілтеміршісі әлем чемпионатында сенсациялық жеңіске жетті

Редактор Penalty.kz
02.05.2025, 10:30

Бейбарыс Ерсейіт спорттық мансабындағы алғашқы халықаралық жарысында тарихқа енді. Ол Перу астанасы Лимада ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Бейбарыс 30 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтетін додада ел намысын қорғаған алғашқы спортшы болып, 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Бұл – оның Қазақстан атынан шыққан алғашқы жарысы ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі ең алғашқы дебюті болатын.

Қызылордалық 16 жастағы спортшы 262 келіні (117+145) көтеріп, өз салмағында қарсыластарының бәрін артта қалдырды:

  1. Бейбарыс Ерсейіт (Қазақстан)262 кг (жұлқа 117 кг + серпе 145 кг)
  2. Рамазан Йылмаз (Түркия)261 кг (108+153)
  3. Абубакар Цакаев (Ресей)252 кг (113+139)

Айта кету керек, Бейбарыс бұған дейін халықаралық немесе ірі континенталдық жарыстарға қатыспаған. Сол себепті бұл жеңіс – күтпеген, бірақ керемет нәтижеге айналды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары