Футзалдан Қазақстан құрамасының негізгі ойыншыларының бірі, бразилиялық легионер Леонардо "Лео" Мендонка Да Роса латвиялық РФШ клубынан кететінін ресми түрде жариялады.
Әлеуметтік желідегі парақшасында Лео өз жанкүйерлерімен және клуб ұжымымен қоштасты:
"РФШ-қа алғысым шексіз. Бұл командада өнер көрсету мен үшін үлкен құрмет әрі қуаныш болды. Мұнда мен өмірлік достар мен жүрегімде мәңгі қалатын ерекше жандарды кездестірдім. Барлығы әрдайым жоспарланғандай аяқталмайтыны анық, бірақ біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Енді аздап тынығып, отбасыммен боламын. Болашаққа қатысты шешімді содан кейін қабылдаймын".
Лео Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойынын 2014 жылдың күзінде Тбилисиде, Грузияға қарсы өткен жолдастық кездесуде (2:1) өткізді. Сол сәттен бастап ол ел намысын абыроймен қорғап келеді.
Футбол мансабын Бразилияда бастаған Леонардо Қазақстан футзалының тарихында есімі алтын әріппен жазылған ойыншылардың бірі. Ол Еуропа чемпионаттарында, әлемдік жарыстарда ұлттық құрамаға зор үлес қосып, жанкүйерлер жүрегінен орын тапты.
Қазір Лео алдағы жоспарларына қатысты нақты шешім қабылдамағанымен, оның тәжірибесі мен шеберлігіне сұраныс жоғалмайтыны анық. Мүмкін, ол алдағы уақытта Қазақстан чемпионатына оралуы немесе жаңа халықаралық клубқа ауысуы мүмкін.