Қазақстан Азия чемпионатында екінші алтын медаль жеңіп алды (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
30.05.2025, 16:02

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті алтын медальға қол созды. Бұл жолы жеңісті Нора Джеруто алып келді. Ол 3000 метрге кедергілермен жүгіру жарысында Қазақстан қоржынына екінші "алтынды" салды.

el.kz

Жарыс нәтижесі: үздік үштік

  1. Нора Джеруто (Қазақстан) — 09:10.46
  2. Паул Чаудхари (Үндістан) — 09:12.46
  3. Дейзи Джепкемей (Қазақстан) — 09:27.51

Қазақстан сапындағы тағы бір спортшы Дейзи Джепкемей қола медаль иеленіп, ел намысын қорғауда қосымша үлес қосты.

Қазақстанның медаль саны – төртеу

Азия чемпионаты аясында қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 4 медаль бар. Бұған дейін:

  • Дейзи Джепкемей — 10 000 метрге жүгіруде алтын медаль иеленген;
  • Ясмина Тоқсанбаева — 20 шақырымға спорттық жүрісте қола жүлдегер атанған.