Африкалық желаяқ Қазақстан қоржынына үшінші "алтын" салды (ФОТО)
Жеңіл атлетикадан Гуми қаласындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшін тарихи жеңіс тіркелді. Нора Джеруто 5000 метр қашықтықта алтын медаль еншіледі.
Нора Джеруто — 5000 метрге жүгіруден Азия чемпионы!
Бұл — Қазақстанның үшінші алтыны және Джерутоның жеке есептегі екінші алтын медалі.
Жарыс нәтижесі:
- Нора Джеруто (Қазақстан) — 14:58.71
- Парул Чаудхари (Үндістан) — 15:15.33
- Юма Ямамото (Жапония) — 15:16.86
Кеше – 3000 м, бүгін – 5000 м
Күні кеше Нора Джеруто 3000 метрге кедергілермен жүгіруде Азия чемпионы атанған. Ал бүгін 5000 метрде де үздік шығып, екі күн қатарынан екі “алтын” иеленіп отыр.
Жарнама
Жарнама