Ксения Прозорова Астанадағы ауыр атлетикадан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бір күнде екі медаль жеңіп алды. Оның біреуі — алтын. Бұл оның алғашқы халықаралық жарысы болды.
Астанада (4–10 шілде, 2025 жыл) өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстан үшін тамаша басталды. Ел құрамасы алғашқы алтын медаль жеңіп алды.
Бұл жетістіктің авторы — ауылдан шыққан талантты спортшы Ксения Прозорова.
58 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Прозорова екі түрлі жас санатында бір күнде екі жүлде жеңіп алды:
Бұл — Прозорованың халықаралық деңгейдегі алғашқы Азия чемпионаты. Дегенмен ол дебютін бірден екі тұғырмен атап өтті.