Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Қайрат" өз алаңындағы алты матчты жанкүйерсіз өткізеді

Редактор Penalty.kz
08.07.2025, 20:20

"Қайрат" футзал клубы 2025/2026 маусымда алты үй ойынын жанкүйерсіз өткізуге мәжбүр болады. Бұл шешімді Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау және этикалық комитеті қабылдады.

kazfootball.kz
Реклама
Реклама

Финалдағы тәртіпсіздік

Қазақстан чемпионатының финалындағы “Қайрат” пен “Семей” арасындағы матч жанкүйерлердің дискриминациялық айқай-шуларына байланысты дау-дамаймен аяқталды.

ҚФФ комитетінің шешімі бойынша “Қайрат” Футзал клубына 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды, бұл 393 200 теңге. Сонымен қатар 2025 жылғы 29 маусымнан бастап, клуб алты (6) үй кездесуін жанкүйерсіз өткізеді.

Бұл шешім футзал Премьер-Лигасының 2025-2026 маусымына қатысты қабылданды.

Біржан Оразовқа да айыппұл салынды

Финалдық матчтан кейінгі жеке пікірлері мен этикаға сай келмейтін мәлімдемелері үшін “Қайрат” ойыншысы Біржан Оразовқа да жаза тағайындалды.

Оған этикалық кодекстің 6 және 15-баптарына сәйкес, тағы да 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Бұл шешімдер КФФ этикалық нормаларын бұзу деректерінің алдын алу мақсатында қабылданған, — делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, алматылықтар финалдық серияда “Семейді” 3:1 есебімен тізе бүткіріп, ел чемпионы атанды. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары