Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Өзбекстан мақтанышы, екі дүркін Олимпиада чемпионы спорттан қуылды

Редактор Penalty.kz
10.07.2025, 12:53

Әлемдік таэквондо аренасында сенсация тіркелді. Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) өзбекстандық таэквондошы, Олимпиада чемпионы Улугбек Рашитовқа қатысты күтпеген шешім жариялады. Бұл жаңалық спорт әлемін дүр сілкіндірді.

gazeta.uz
Реклама
Реклама

Допингке қатысы жоқ, бірақ тәртіп бұзылды

23 жастағы Рашитов екі жылға спорттан шеттетілді. Бұл шешімнің негізінде допинг қабылдауы емес, антидопингтік ережелерді үш мәрте бұзуы жатыр. Атап айтқанда, ол өзінің орналасқан жері туралы мәліметті үш рет уақытында бермеген. Бұл – WADA (Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік) ережесі бойынша ауыр тәртіп бұзушылық болып саналады.

Халықаралық агенттік: “Спортшы 12 ай ішінде орналасқан жері туралы ақпарат беруден үш рет жалтарды” — деп мәлімдеді.

Осылайша, Рашитов тек 2027 жылдың 12 мамырынан кейін ресми жарыстарға қайта қатыса алады.

Рашитов кім? Олимпиаданың қос чемпионы

Улугбек Рашитов – Өзбекстанның ең танымал спортшыларының бірі. Ол 2021 және 2024 жылдардағы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы және әлем чемпионаттарының жүлдегері.

Оның спорттық жетістіктері:

  • Азия жасөспірімдер чемпионатының екі дүркін жеңімпазы (2017, 2019)
  • Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2018)
  • Жасөспірімдер Олимпиадасының финалисі (2018)
  • Екі дүркін Олимпиада чемпионы (2021, 2024)
  • Азия чемпионы (2022)
  • Grand Prix финалисі (2022)
  • "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы (2023)
  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2023)
  • Grand Prix кезеңдерінің жеңімпазы (2023)
  • Азия ойындарының чемпионы (2023)
  • Grand Prix кезеңінің қола жүлдегері (2023)
  • Әскерилер арасындағы әлем чемпионы (2024)

Ол — Өзбекстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте бірінші орынды (205.00 ұпай) иеленіп отырған спортшы болатын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары