Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Меруерт Қамалиденова шахматтан әлем кубогында сенсация жасады

Редактор Penalty.kz
10.07.2025, 16:04

Батумиде өтіп жатқан FIDE әйелдер арасындағы әлем кубогында отандасымыз, халықаралық дәрежедегі шебер Меруерт Қамалиденова күтпеген нәтижеге қол жеткізіп, шахмат әлемін дүр сілкіндірді.

ulysmedia.kz
Реклама
Реклама

"Алыптар қасапшысы" – Қамалиденова Горячкинаны жолынан тайдырды

Екінші кезеңде Меруерт шахмат тарихындағы ең мықты ойыншылардың бірі саналатын ресейлік гроссмейстер, әлем кубогының қазіргі иегері Александра Горячкинаны сенімді түрде жеңді.

“FIDE әйелдер арасындағы Әлем кубогының төртінші күнінің басты сенсациясы — "алыптар қасапшысы" атанған Қамалиденованың Горячкинаны жеңуі”, – деп жазды Халықаралық шахмат федерациясы өз әлеуметтік желісінде.

Бұл жеңіс Меруерттің шеберлігі мен сабырлылығын паш етіп, оны жас жұлдыздар қатарында ерекше орынға шығарды.

Қамалиденова — Қазақстан шахматындағы болашағы зор спортшы

Меруерт Камалиденова:

  • 2024 жылғы Будапешт Олимпиадасында Қазақстан құрамасы сапында күміс медаль жеңіп алған,
  • Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы,
  • Жасөспірімдер арасында бұрынғы әлем чемпионы.

Әлем кубогы – басты шахмат додаларының бірі

Шахматтан әйелдер арасындағы FIDE әлем кубогы Грузияның Батумиде өтіп жатыр. Биылғы жылы турнирге 86 спортшы қатысуда. Финалдық кездесулер 26–28 шілде аралығында өтеді.

Қамалиденова бұл турнирді тамаша бастағанын атап өткен жөн:

  • 1-кезеңде ол Польша өкілі Алиция Сливичканы 2:0 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті.
  • 2-кезеңнің алғашқы партиясында Горячкинаны ұтып, екінші кездесуді бүгін, 10 шілде күні өткізеді.
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары