49 жастағы Олимпиада жүлдегері жедел ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
2010 жылғы Ванкувер Олимпиадасының қаһарманы, әйгілі норвегиялық спортшы Эудун Гренвольд қайғылы жағдайда қаза тапты.
49 жастағы спортшыны жаяу серуен кезінде найзағай соққан. Соның салдарынан ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмған.
Норвегия шаңғы спорты федерациясының президенті Тове Мо Дюрхауг спортшының орны толмас екенін айтып, көңіл айтты:
“Эудун фристайл мен тау шаңғысы спортының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Спорттық мансабынан кейін де ұлттық құрамада бапкер болып еңбек етті. Бұл бүкіл спорт қауымдастығы үшін орны толмас қайғы”, – деді ол.