Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

19 жастағы велошабандоз жарыс кезінде қаза тапты

Редактор Penalty.kz
17.07.2025, 19:20

Бірінші кезең кезінде трассада апатқа ұшыраған спортшы ауруханаға жетпей көз жұмды.

Sportburo.kz
Реклама
Реклама

Италиялық велоспортшы Самуэле Привитера «Джиро Валле д'Аоста» көпкүндік жарысының бірінші кезеңінде апатқа ұшырап, ауруханаға жетпей көз жұмды. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлады.

Қайғылы оқиға қалай болды?

19 жастағы Привитера Понте муниципалитеті маңындағы трассада жарыс жолында апатқа ұшыраған. Дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, ауыр жарақат алған спортшыны аман алып қалу мүмкін болмады — ол ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебін полиция анықтап жатыр.

Жарыс тоқтатылды

Осы қайғылы жағдайдан кейін жарыстың екінші кезеңі есепке алынбады. Ұйымдастырушылар «Джиро Валле д’Аоста» жарысын 18 шілде күні үшінші кезеңмен қайта бастайтынын мәлімдеді.

Басталар алдында қатысушылар бір минут үнсіздікпен Самуэле Привитераның рухына құрмет көрсетеді. Сонымен қатар, барлық ресми салтанатты шаралар жарыс соңына дейін тоқтатылды.

Командаларға таңдау берілді

Жарыс дирекциясы командаларға үшінші кезеңнен бастап жарысты жалғастыру немесе қатыспау мүмкіндігін өз еріктеріне қалдырды. Бұл шешім спортшылар мен бапкерлердің эмоционалдық жағдайын ескеріп қабылданған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары