Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық таэквондошы түрікті ойсырата жеңіп, "алтын" иеленді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
23.07.2025, 00:19

Қазақстан құрамасы жазғы Универсиададағы алғашқы алтын жүлдесін иеленді. Чемпион атанған — таэквондошы Самирхон Абабакиров.

Спортты дамыту дирекциясы
Реклама
Реклама

Алтын раунд: финалдағы қарсылас — түркиялық спортшы

Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді Самирхон Абабакиров сыйлады. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық таэквондошы финалда Түркия өкілі Омер Фарук Дайыоглумен кездесіп, екі раундтың қорытындысы бойынша 2:0 есебімен жеңіске жетті (12:11, 11:3).

Осылайша Абабакиров турнирдің чемпионы атанып, ел намысын абыроймен қорғады.

Таэквондодан медальдық жетістік: алтын мен бес қола

Бұл жеңіс Қазақстан үшін Универсиада-2025 додасындағы алтыншы медаль болды. Бұған дейін ұлттық құрама спортшылары таэквондодан бес бірдей қола жүлдеге қол жеткізген еді:

  • Дамир Шуленов
  • Темірлан Тлеулес
  • Батырхан Төлеуғали
  • Бейбарыс Қаблан
  • Нодира Ахмедова

Алтын медальді жеңіп алғаннан кейін Қазақстан жалпыкомандалық есепте 19-орынға көтерілді. Қазіргі уақытта көш бастап тұрған — АҚШ құрамасы, оның еншісінде 18 алтын, 9 күміс және 19 қола медаль бар. Екінші орында Қытай — 12 алтын, 15 күміс және 4 қола медаль иеленген. Үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеп тұр — оның қоржынында 11 алтын, 5 күміс және 13 қола медаль бар.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары