Қазақстандық таэквондо шеберлері Германияда өтіп жатқан XXXII жазғы Универсиадада ел қоржынына қола медаль салды.
Рейн-Рур аймағында (Германия) өтіп жатқан 2025 жылғы жазғы Универсиадада Қазақстанның әйелдер құрамасы командалық таэквондо жарысында қола медаль жеңіп алды. Жартылай финалда жерлестеріміз Оңтүстік Корея командасына есе жіберді.
Қазақстан командасының намысын келесі спортшылар қорғады:
Үшінші орын үшін болған кездесуде спортшыларымыз жоғары шеберлік көрсетіп, лайықты нәтижеге қол жеткізді.
Бұл — Қазақстан үшін Универсиададағы сегізінші медаль. Қазіргі таңда біздің құраманың еншісінде:
2025 жылғы жазғы Универсиада 16 шілдеде басталды және 27 шілдеге дейін жалғасады. Оған Қазақстан атынан 76 спортшы қатысып, 12 спорт түрі бойынша ел намысын қорғап жатыр.