Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Америкадағы қазақ дзюдошысы мойын омыртқасын сындырып, ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
01.08.2025, 19:00

АҚШ-тың Сан-Диего қаласында дзюдода өнер көрсетіп жүрген Жасұлан Жұмағали ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға түсті.

sn.kz
Реклама
Реклама

Тоғыз жекпе-жек, екі медаль және ауыр жарақат

Жасұлан California State Games атты турнирде қатарынан 9 кездесу өткізіп, нәтижесінде бір алтын мен бір күміс медаль жеңіп алған. Алайда, осы жарыс барысында мойын омыртқасын сындырып, дереу ота жасалғаны белгілі болды.

“Достар, Жасұлан ауыр жарақат алды. Оның мойын омыртқасы үзіліп, денесінің төменгі бөлігі сезімсіз күйде қалып отыр. Аяқ-қолдары ісіп кеткен. Ол енді ұзақ оңалтудан өтеді”, – делінген спортшыға арналған көмек үндеуінде.

Жасұлан – отбасының тірегі

Белгілі актер Нұртас Адамбай оқиғаға үн қатып, Жасұлан туралы жылы лебізін білдірді:

“Жасұлан – әрдайым өзгелерге қол ұшын созуға дайын, жайдары, адал жігіт. Қазір оның отбасы қиын жағдайды бастан кешіп отыр. Ол – кішкентай балалардың қамқор әкесі. Сондықтан баршамыздан қолдау сұраймыз”.

Көмек қажет

Жасұлан Жұмағали – АҚШ-та тұратын отбасылы азамат және қазіргі таңда оған қаржылай әрі моралдық көмек ауадай қажет. Қауіп-қатерге толы спорт жолында осындай жағдайлар болатыны өкінішті. Жасұланның туыстары мен жақындары оны қайтадан аяққа тұрғызу үшін бар күшін салып жатыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары