Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Новак Джокович футбол клубына инвестиция салады

Редактор Penalty.kz
02.08.2025, 10:50

Әлемдік теннистің аңызы, 24 мәрте "Үлкен дулыға" турнирінің чемпионы сербиялық Новак Джокович енді футбол бизнесіне бет бұрды. Ол Францияның "Ле-Ман" клубының инвесторлары қатарына қосылады. Бұл жөнінде беделді L'Équipe басылымы мәлімдеді.

novsport.com
Реклама
Реклама

$80 миллиондық жоба

"Ле-Ман" клубына салынатын инвестиция Outfield инвестициялық қоры арқылы жүзеге асады. Осы қор құрамында Джоковичтен бөлек бұрынғы Формула-1 шабандоздары Фелипе Масса мен Кевин Магнуссен де бар. Қордың мақсаты – франциялық клубтың жаңа тынысын ашып, оны жоғары деңгейге көтеру.

Ле-Ман қазіргі уақытта Францияның Лига 2 біріншілігінде ойнайды. 80 миллион АҚШ долларына бағаланған жоба аясында команданың инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуетін жақсарту көзделген.

Джоковичтің спорттағы маусымы

2025 жылғы маусымда Джокович үш мәрте "Үлкен дулыға" турнирлерінің жартылай финалына жетті:

  • Австралия ашық чемпионатында — Александр Зверевтен жеңілді;
  • Франция ашық чемпионатында (Ролан Гаррос) және Уимблдонда — қазіргі №1 теннисші, италиялық Янник Синнерге есе жіберді.

Жасы ұлғайғанына қарамастан Джокович әлі де элиталық спортта өз орнын жоғалтпағанын дәлелдеуде. Енді ол футбол әлемінде өзін сынап көрмек. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары