5 тамызға қараған түні әйгілі спорт комментаторы Александр Гришин электр пойызының астына түсіп, қаза тапты. Бұл туралы ресми ақпаратты құқық қорғау органдары таратты.
ТАСС агенттігіне сұхбат берген дереккөздің айтуынша, оқиға Мәскеу маңындағы Битца станциясында болған:
“Алдын ала деректерге сәйкес, Гришин белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өтпек болған. Осы сәтте ол электр пойыздың астына түсіп, ауыр жарақат алған”, — делінген хабарламада.
Комментатордың жұбайы Анастасия Гришина бұл қайғылы жағдайдың рас екенін және күйеуінің жазатайым оқиғадан қаза тапқанын растады.
Александр Гришин 2018 жылдан бері Ресейдің Бірінші арнасында қызмет етіп, мәнерлеп сырғанау, футбол және өзге де спорт түрлерінен ірі жарыстарды кәсіби деңгейде жүргізіп келді.