қаза болды
Щучинскте алты адам қаза тапты
Щучинск қаласында тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдары 5 минут ішінде жеткен.
ПАОК-тың жеті жанкүйері Францияға бара жатып жол апатынан қаза тапты
Тағы төрт жанкүйер жарақат алған екен. Қайғылы оқиға Румыния жерінде болған.
Қазақстанда ойнаған танымал футболшы қаза болды
Мәскеулік ЦСКА клубының және Қазақстан командаларының бұрынғы футболшысы Лайонель Адамс қайтыс болды, деп хабарлайды Starhit.
Белгілі отандық спортшылар жол апатында қаза болды
Алматы – Бішкек бағытындағы тасжолда ауыр жол-көлік оқиғасы болып, Қазақстан спортына еңбегі сіңген бірнеше ардагер өмірмен қоштасты.
Француз боксшысы оққа ұшып, көз жұмды
Париж маңында Францияның екі дүркін вице-чемпионы Исхак Беншакал оққа ұшып, көз жұмды. Спортшы небәрі 24 жаста болған.
Футбол бапкері матч болып жатқан кезде көз жұмды
Ойынның 22-минутында 44 жастағы маманның жағдайы күрт нашарлаған.
26 жастағы танымал волейболшы тоқ соғу салдарынан көз жұмды
Иран ұлттық құрамасының белгілі волейболшысын тоқ соққан.
Алматыдағы жарыста қайғылы жағдай тіркелді
Алматы маңындағы Іле Алатауында өткен Salomon Trail жарысында 70 жастағы спортшы Владимир Кривенцов көз жұмды. Дәрігерлер дереу көмек көрсеткенімен өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
«Қайрат» түлегі өмірден өтті
Қазақстан футболында орны толмас қаза. «Хан-Тәңірі» клубының жас шабуылшысы, «Қайрат» академиясының түлегі Диас Төлеу 19 жасында дүниеден өтті.
Грузияда жоғалып кеткен қазақстандық боксшының бауыры өлі күйінде табылды
Қазақ кәсіпқой боксшысы Серік Мұсәділовтың отбасында орны толмас қаза болды. Оның бауыры Шыңғыс Мұсәділов Грузияда бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстарынан кейін өлі күйінде табылды.
Танымал комментатор пойыз астында қалып, қайтыс болды
5 тамызға қараған түні әйгілі спорт комментаторы Александр Гришин электр пойызының астына түсіп, қаза тапты. Бұл туралы ресми ақпаратты құқық қорғау органдары таратты.
Шавкат Рахмоновтың отбасы Жамбылдағы қайғылы жол апатына қатысты мәлімдеме жасады
Шавкат Рахмоновтың отбасы Жамбыл облысындағы өлімге әкеп соққан жол апатына байланысты алғаш рет пікір білдірді. Апаттан оның келіншегі мен баласы зардап шеккен болатын. Бұл туралы Шавкаттың әпкесі, қоян-қолтық күрестен үш дүркін әлем чемпионы Сора Рахмонова Instagram желісінде жазды.
Екі дүркін олимпиада чемпионының денесі тауда қалады
Биатлоншы Лаура Дальмайер Пәкістан тауларында қаза тапты. Оның денесін эвакуациялау жұмыстары жүргізілмейді.
"Ливерпуль" Диогу Жотаның құрметіне 20-нөмірді мәңгілікке жойды (ВИДЕО)
3 шілде футбол жанкүйерлері үшін қаралы күн болды. Португалиялық шабуылшы Диогу Жота жол апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты "Ливерпуль" тарихи шешім қабылдап Жота ойнаған 20-нөмір мәңгілікке шегерілді.
Футбол әлемі қара жамылды: Диогу Жота қаза тапты
"Ливерпуль" шабуылшысы мен Португалия құрамасының ойыншысы 28 жасында өмірден өтті.
Ұлттар лигасының финалында жанкүйер қаза тапты
Мюнхен қаласында өткен Ұлттар лигасының финалдық матчында қайғылы жағдай болды. Испания мен Португалия құрамалары арасындағы ойын кезінде жанкүйер трибунадан құлап, көз жұмды.
Марадонаның қазасына қатысты сот ісі жарамсыз деп танылды
Аргентинада футбол аңызы Диего Марадонаның өліміне байланысты сот отырыстары үлкен дау тудырып, нәтижесінде жарамсыз деп танылды.
Дрифт-шеру кезінде көлік халыққа соғылып, жасөспірім қаза тапты (ВИДЕО)
Ресейдің Иркутск облысында ұйымдастырылған заңсыз жарыс қайғылы оқиғаға ұласты. Бір жүргізуші көлікті басқара алмай, 17 жастағы бойжеткен оқиға орнында жан тапсырды.
Алматыдағы трагедиядан кейін елде бұқаралық спортты ұйымдастыру тәртібі өзгереді
Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі адамның көз жұмуы — бұқаралық спортты ұйымдастыру жүйесіне қатысты жаңа талаптар енгізуге себеп болды. Бұл туралы Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.
Алматыдағы марафонда екі қатысушы көз жұмды
2025 жылдың 20 сәуірі Алматы үшін қайғылы күнге айналды — Almaty Half Marathon жарысында 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади өмірден өтті.