Алматы – Бішкек бағытындағы тасжолда ауыр жол-көлік оқиғасы болып, Қазақстан спортына еңбегі сіңген бірнеше ардагер өмірмен қоштасты.
Алдын ала дерек бойынша Honda Odyssey көлігі HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Соққының қаттылығы соншалық, жеті адам оқиға орнында көз жұмған.
Қазақстан Ұлттық сурдлимпиада комитетінің вице-президенті әрі «Ортақ Жол» жол қауіпсіздігі қауымдастығының жетекшісі Әрсен Шакуов қаза тапқандардың алдын ала тізімін жариялады. Онда есту қабілеті бұзылған спортшылардың дамуына зор үлес қосқан азаматтардың есімдері аталады.
Алдын ала тізімде төмендегі азаматтар көрсетілген:
Марқұмдардың әрқайсысы сурдспорттың дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлғалар ретінде аталады. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы құзырлы органдардың тексерісінен кейін белгілі болады.