Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Ордабасы» клубының бұрынғы президенті Түркияда бой тасалап жүр

Сарапшы, спорт журналисі
02.12.2025, 17:38

Бақтияр Байсейітовтің Түркия аумағында жүргені анықталып, Қазақстан тарапы оны елге қайтару туралы ресми сұрау жолдады. 

azattyq-ruhy.kz
Реклама
Реклама

Халықаралық іздеу және экстрадиция талабы

Бұған дейін Бақтияр Байсейітовке қатысты халықаралық іздеу жарияланғаны хабарланған еді.

Бас прокуратураның мәліметінше:

«Оның Түркия аумағында жүргені анықталуына байланысты 2025 жылдың 21 ақпанында экстрадициялау (беру) туралы сұрау жолданды. Қазіргі сәтте түрік тарапынан шешім түскен жоқ», – деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

320 млн-нан астам теңге жымқыру ісі

Тергеу нұсқасы бойынша Бақтияр Байсейітовке Түркістан облысындағы «Қаратау» кеніші құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдік келтіріліп отыр.

Алдын ала деректерге сай:

  • 320 млн теңгеден астам қаражат ұрланды деген күдік бар;
  • қаржы «Iri building» ЖШС-і және «Қаратау» компаниясы арқылы жымқырылған болуы мүмкін;
  • жоба аясында қарастырылған жабдық толық көлемде жеткізілмеген,
  • қаражаттың бір бөлігі заңсыз түрде сыртқа шығарылған деп есептеледі.

Тергеу материалдарында Байсейітовтің өз бақылауындағы компанияның мүддесін лоббилеумен айналысқаны да көрсетілген.

Қай бап бойынша іс қозғалды?

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланған. Бұл бапта:

  • бөгденің мүлкін иелену немесе ысырап ету,
  • бір топ адам алдын ала сөз байласып жасаған,
  • аса ірі көлемде жасалған қылмыс ретінде қарастырылады.

Аталған бап бойынша айыптау дәлелденсе, айтарлықтай ауыр жаза көзделген.

«Ордабасыдағы» мансабы

Футбол жанкүйерлеріне Бақтияр Байсейітов ең алдымен «Ордабасы» ФК президенті ретінде таныс.

Ол 2017 жылдан 2021 жылға дейін шымкенттік клубты басқарған. Бұл кезеңде «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасында жоғары орындарға таласқан командалардың бірі болған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары