Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан шағын футболдан ӘЧ Франциямен тең түсті

Сарапшы, спорт журналисі
01.12.2025, 23:48

Мексикада өтіп жатқан TUI Socca World Championships 2025 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Францияға қарсы өткізді.

instagram/@internationalsoccafed
Реклама
Реклама

Қазақстан Франциямен ұпай бөлісті

Ойынды негізінен қазақстандықтар бақылауда ұстап, допқа иелік ету және шабуыл саны бойынша басым болды.

34-минутта алыстан бағытталған соққымен Қуаныш Бегалин есеп ашты. Ол айып алаңынан сәл сыртта тұрып, допты қақпаның алыс бұрышына дәл бағыттады.

Алайда Қазақстан құрамасының басымдығы ұзаққа созылмады. 37-минутта франциялықтар қарымта шабуыл ұйымдастырып, таразы басын теңестірді. Қалған уақытта қос құрама да жеңіс голын соғуға тырысқанымен нәтиже өзгермеді.

Келесі қарсылас – Уругвай

3 желтоқсан күні Қазақстан құрамасы топтағы екінші ойынын Уругвайға қарсы өткізеді. Бұл матч турнирдегі жағдайға айтарлықтай әсер ететін шешуші кездесулердің бірі болмақ.

Топтағы тағы бір ойында Нидерланд құрамасы Уругвайды 3:1 есебімен жеңді.

TUI Socca World Championships 2025 турнирінің қожайыны – Мексика құрамасы. Ол дәстүрлі түрде фавориттердің қатарында аталады.

Жоғары орындарға үміткерлер қатарында:

  • Қазақстан – 2023 жылғы әлем чемпионы
  • Оман – 2024 жылғы әлем чемпионы
  • АҚШ – соңғы уақытта құрамын айтарлықтай күшейткен команда
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары