Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық биатлоншылар әлем кубогы кезеңінде сайысқа түсті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:22

Қазақстандық биатлоншылар Швециядағы Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жарыста өнер көрсетті.

СДД
Реклама
Реклама

Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем кубогының бірінші кезеңі басталды.

Жарыс аясында төрт эстафета өтті. Оған Қазақстан құрамасының спортшылары қатысты.

Ерлер эстафетасында Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев және Вадим Куралес 14-орын алды.

Ал әйелдер эстафетасында Ольга Полторанина, Милана Генева, Айша Ракишева және Полина Егорова 21-орынға тұрақтады.

Аралас жекелей эстафетада Владислав Киреев пен Милана Генева 15-нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ ұлттық құрама аралас эстафетада өнер көрсетті. Кирилл Бауэр, Әсет Дүйсенов, Полина Егорова және Айша Ракишева 23-орынды иеленді.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі аясында жекелей жарыс, спринт және із кесу жарыстары да өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары