Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Спортшылар 10 жыл күткен сыйақыны сот арқылы өндіріп алды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:17

Қостанай облысының мамандандырылған әкімшілік соты атлеттердің талабын толық қанағаттандырды.

1bol.kz
Реклама
Реклама

Әлем чемпионаттарында Қазақстан атынан қатысқан ардагер спортшылар он жылға жуық уақыт күткен сыйақыларын Туризм және спорт министрлігінен сот арқылы өндіріп алды. Қостанай облысының мамандандырылған әкімшілік соты атлеттердің талабын толық қанағаттандырды. Бұл туралы 1bol.kz хабарлады. 

Қостанайлық екі ардагер спортшы — Анатолий Веклич және Мұрат Кинтонов — 2015–2016 жылдары әлем чемпионаттарында жеңіп алған жүлделері үшін берілуі тиіс қаржылай сыйақыны осы уақытқа дейін ала алмай келген. Министрлік талап қою мерзімі өтіп кетті деген себеппен оларды сыйақыдан айырған. Осыдан кейін ардагерлер амалсыздан сотқа жүгінген.  Енді мемлекеттік орган ардагер спортшыларға тиесілі қаражатты төлеуге міндетті.

Ардагерлердің жетістігі

Анатолий Веклич

  • 2015 жылы Афиныда өткен еркін күрестен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында — күміс,
  • 2016 жылы Польшадағы Валбжихта өткен жарыста — қола жүлде алған.

Мұрат Кинтонов

  • АҚШ-тың Форт-Лодердейл қаласында өткен дзюдодан ардагерлер әлем чемпионатында — Қазақстанның жалғыз алтын медалін еншілеген.

Олар тек 2024 жылдың желтоқсанында министрлікке өтініш жолдаған.

Заң не дейді?

Қазақстанда олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпиондары мен жүлдегерлеріне:

  • 15 000 доллар – алтынға,
  • 7 000 доллар – күміске,
  • 5 000 доллар – қолаға төленеді.

Министрлік неге бас тартқан?

Туризм және спорт министрлігі ардагерлердің өтінішін қабылдамай, талап қою мерзімін сылтау еткен. Дегенмен, сот мұны негізсіз деп тауып, шешімді ардагерлердің пайдасына шығарды.

«Егер сот шешімі көрсетілген мерзімде ерікті түрде орындалмаса, бірінші инстанция соты 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салады», - деп жазылған сот қаулысында», — деп жазылған.

Соңғы бір жылда ардагер спортшылар мен министрлік арасындағы дау бірнеше рет қайталанды. Марал Көшенов — дзюдодан әлем чемпионатындағы жүлделері үшін сыйақыны сот арқылы алды. Руслан Сейілханов — Польшада (2023) алтын, БАӘ-де (2024) күміс алғанына қарамастан, сыйақыға тек сот шешімімен қол жеткізді. Бөгежан Аманбаев та гир спортынан әлем чемпионатының жүлдегері атанып, сыйақыны сот арқылы өндіріп алды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары