Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық спортшылар шорт-тректен әлемдік турдың B финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:03

Дордрехтте (Нидерланд) шорт-тректен әлемдік турдың төртінші кезеңінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр.

ҰОК
Реклама
Реклама

Әйелдер арасында 1500 метрлік қашықтықтың В финалына екі қазақстандық спортшы жолдама алды. ҚР ҰОК мәліметінше, Ольга Тихонова мен Малика Ермек екінші жартылай финалға қатысты. Тихонова төртінші болып келіп, тікелей В финалына шықты.

Ал Ермек алтыншы орын алды. Алайда жарыс барысында оған қарсы ереже бұзылып, спортшымыз жылдамдығын жоғалтып алды. Соның нәтижесінде төрешілер Маликаны В финалына өткізу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, А финалына әр жартылай финалдан алғашқы екі спортшы, сондай-ақ үшінші орын алғандардың ішіндегі ең үздік уақыт көрсеткішін тіркеген бір ғана спортшы жолдама алады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары