Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Дрифт-шеру кезінде көлік халыққа соғылып, жасөспірім қаза тапты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
11.05.2025, 13:42

Ресейдің Иркутск облысында ұйымдастырылған заңсыз жарыс қайғылы оқиғаға ұласты. Бір жүргізуші көлікті басқара алмай, 17 жастағы бойжеткен оқиға орнында жан тапсырды.

noks.kz
Реклама
Реклама

Қауіпсіздік ережесі сақталмаған: бір адам көз жұмды, екеуі жарақат алды

Алдын ала мәлімет бойынша, жарыс Иркутск маңындағы Одинск ауылы маңында Ангарск қаласының тұрғындары ұйымдастырған. Кезекті дрифт кезінде бір көлік бақылаудан шығып, көрермендер тұрған аймаққа кіріп кеткен.

Оқиға орнында 17 жастағы қыз көз жұмды. Тағы екі адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың жағдайы әзірге нақты белгісіз.

Қылмыстық іс қозғалды

Құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады. Жарақат алғандар қазіргі таңда емдеу мекемесінде жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары