Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Футбол әлемі қара жамылды: Диогу Жота қаза тапты

Редактор Penalty.kz
03.07.2025, 13:26

"Ливерпуль" шабуылшысы мен Португалия құрамасының ойыншысы 28 жасында өмірден өтті.

pressball.by

Футбол жанкүйерлері үшін ауыр хабар тарады. “Ливерпуль” және Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Диогу Жота жол-көлік апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиға футболшының отанында, Португалияның Замора провинциясында болған. Бұл туралы испаниялық Marca басылымы хабарлады.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, көлік ішінде Диогудың туған інісі де болған. Інісі Андре Силва Португалияның екінші дивизионы — Liga Portugal 2 — құрамында ойнаған «Пеньяфел» клубының футболшысы болған.

Бірнеше күн бұрын үйленген...

Бірнеше күн бұрын ғана Жота азаматтық жұбайы Руте Кардозумен ресми некеге тұрған еді.  

Диогу Жота артында жары мен шамамен 7 айлық, 2 және 4 жастағы үш кішкентай баласы қалды.

Жота кім еді?

  • Жасы: 28-де
  • Клубтық мансабы:

2020 жылдан бері – “Ливерпуль”

Бұған дейін – “Вулверхэмптон”, “Порту”

  • Ұлттық құрамадағы жетістігі:

Португалия сапында 30-дан астам ойын

Еуропа мен әлем чемпионаттарында шешуші голдар авторы

Соңғы маусымдағы көрсеткіші

2024/25 жылғы маусымда Жота 37 матчқа қатысып, 9 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Ол “Ливерпуль” шабуыл шебіндегі негізгі ойыншылардың бірі болып саналған.