Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Шавкат Рахмоновтың әйелі "куәгер" ретінде тергеліп жатыр

Редактор Penalty.kz
06.08.2025, 16:45

Қазақстандық танымал файтер Шавкат Рахмоновтың жары — Гүлайым Рахмонова Жамбыл облысындағы қайғылы жол апатына байланысты тергеліп жатыр. Ол қазір қорғануға құқығы бар куәгер ретінде іс материалдарында тіркелген.

kursiv.kz
Реклама
Реклама

Қайғылы оқиға қашан болды?

Жол-көлік оқиғасы 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы – Екатеринбург тасжолының Жамбыл облысына тиесілі бөлігінде болған. Көлік тізгінінде Гүлайым Рахмонова болғаны айтылып отыр. Автокөлікте Гүлайымның өзі, ұлы және оның екі құрбысы отырған.

Апат салдарынан екі құрбысы оқиға орнында қаза тапты. Гүлайым мен баласы ауыр жарақат алмаған, келесі күні ауруханадан шыққан.

Тергеу қалай жүріп жатыр?

Жамбыл облыстық Полиция департаменті Halyqstan Telegram-арнасына берген ресми жауабында:

“Азаматша Рахмонова қорғануға құқығы бар куәгер ретінде сұралды. Ол қазіргі уақытта Алматы қаласындағы ауруханада. Тергеу аяқталған соң, заң аясында процессуалдық шешім қабылданады”, — делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін толық ақпарат жарияланбайды.

Рахмонованың жауабы қандай?

Halyqstan арнасының дерегінше, Гүлайым Рахмонова түсініктемесінде көлікті өзі емес, қаза тапқан құрбысының біреуі жүргізгенін айтқан. Оның айтуынша, өзі шаршаған соң, тізгінді құрбысына берген.

Қорғануға құқығы бар куәгер деген — тергеуге тартылғанымен оған қатысты әзірге нақты күдік жоқ адам. Яғни, ол айыпталушы емес, бірақ оқиғаға тікелей қатысы бар болуы мүмкін тұлға ретінде қарастырылып отыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары