Қызылордада ауыр атлетикадан өтіп жатқан республикалық турнирдің алғашқы күні күтпеген сенсациямен басталды. Екі жылдық дисквалификациядан кейін жарысқа оралған Анатолий Савельев бірден алтын медаль жеңіп алды.
6–8 тамыз күндері өтіп жатқан турнир Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вилорий Пакты еске алуға арналған жарыс ретінде ұйымдастырылған.
65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Анатолий Савельев (Алматы облысы) Қызылорда төрінде басты фаворит – жастар арасындағы әлем чемпионы Бейбарыс Ерсейітті артта қалдырып, чемпион атанды.
Бұл – Савельев үшін тек алтын емес, өз мансабын қайта бастаған тарихи сәт.
Еске сала кетейік, Анатолий Савельев екі жыл бұрын жарыстардан шеттетілген. Жаза мерзімі 25 сәуірде аяқталды.
2017 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы
Азия чемпионатының күміс жүлдегері (U20, 2017)
Азия чемпионатының жеңімпазы (жастар, 2017)
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері