Атақты қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова мансабын отандық клубта жалғастырады.
Әзірге қай командада ойнайтыны ресми жарияланған жоқ. Спортшы бұл жайлы алдағы күндері эфирге шығатын бір телебағдарламада өзі айтпақ. Белгілі болғандай, Сәбина Малайзия клубынан түскен ұсыныстан бас тартқан. Бұл туралы sport-pulse.kz хабарлады.
29 жастағы Алтынбекова алғаш рет 2015 жылы Азия чемпионатында жастар құрамасы сапында Тайбэйде өткен жарыста көзге түсті. Сыртқы келбеті мен ойын мәнері жанкүйерлер назарын аударып, оны бірден спорт әлемінің жұлдызына айналдырды.
Қазақстанда ол "Алматы" клубының намысын қорғаған. Кейін Жапония, БАӘ және Индонезия командаларында өнер көрсетті. "Аль-Васл" сапында ойнаған кезеңінде Араб лигасының чемпионы атанды.