Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстанда спорт жүлдегерлеріне сыйақы беру тәртібі өзгерді

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 16:13

Туризм және спорт министрі 2025 жылдың 31 шілдесінде қол қойған жаңа бұйрыққа сәйкес, халықаралық деңгейде жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар мен олардың дайындығына үлес қосқан мамандарға сыйақы төлеу ережелері нақтыланды.

фото: ҚБФ
Реклама
Реклама

Жаңа ереже күшіне енеді

Жаңа тәртіп бойынша сыйақыға келесі жаттықтырушылар үміткер бола алады:

  • Спортшыны бастапқы дайындық кезеңінде кемінде үш жыл жаттықтырған алғашқы бапкер;
  • Ұлттық құрамаға кірмеген уақытта спортшымен жеке жұмыс істеген жеке жаттықтырушы;
  • Командалық спорт түрлерінде (ойындар, эстафеталар, топтық және аралас жарыстар) оқу-жаттығу процесін ұйымдастырған бапкерлер;
  • Ұлттық құраманың негізгі жаттығу жоспарына жауапты бас бапкер.

Сонымен қатар марапатқа үміткер спортшылар тізімі де кеңейді. Енді Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарында 4, 5 немесе 6-орын иеленгендер, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерінде әлемдік рекорд жаңартқандар да сыйақы ала алады.

Сыйақы қалай бөлінеді?

Жеке спорт түрлерінде:

  • Алғашқы жаттықтырушы – сыйақының 10%;
  • Жеке жаттықтырушы – 80%;
  • Бас бапкер – 10%.

Егер бір маман бірнеше рөлді қатар атқарса, оның сыйақы үлесі қосылады.

Командалық спорт түрлерінде:

Әр орын үшін үш жаттықтырушы – бас бапкер және екі қосымша бапкер – марапатталады. Тек екі спортшыдан тұратын командаларға бұл ереже қолданылмайды. Үміткерлерді ұлттық спорт федерациялары жанындағы арнайы кеңес анықтайды.

Сыйақы төлеу тәртібі

  • Төлем тек ұлттық деңгейде аккредиттелген спорт федерациялары арқылы жүргізіледі;
  • Құжаттар жарыс аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тапсырылуы қажет;
  • Қаржыландыру республикалық бюджеттен және Үкіметтің ірі халықаралық жарыстарға арналған резервінен жүзеге асырылады;
  • Сыйақы жарыс өткен күнгі валюта бағамы бойынша есептеліп, тікелей спортшылар мен бапкерлердің банктік шоттарына аударылады.
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары