Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Астана Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін қабылдайды

Сарапшы, спорт журналисі
11.09.2025, 21:47

Албания астанасы Тиранадағы УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында бірқатар халықаралық жарыстардың қожайындары анықталды. Соның ішінде Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен Қазақстан футзал қауымдастығының өтініші қолдау тауып, 2027 жылы 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі Астанада өтетіні белгілі болды.

uefa.com
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы автоматты түрде қатысады

Жарысты қабылдаушы ел ретінде Қазақстан жастар құрамасы турнирге автоматты түрде қатысу құқығына ие болады. Осылайша біздің футзалшылар Еуропаның үздік сегіз командасының қатарында бақ сынайды.

Турнир тарихы мен мықты командалар

Жастар арасындағы Еуропа чемпионаты алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған. Қазіргі таңда U-19 Еуропа чемпионы — Португалия құрамасы. Ал ең табысты команда ретінде екі мәрте (2019, 2022) жеңімпаз атанған Испания құрамасы есептеледі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары