Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ұлттық құрама тарихи жетістікке қол жеткізді

Сарапшы, спорт журналисі
12.09.2025, 13:40

2027 жылы Астана алғаш рет жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін қабылдайды. Бұл – еліміз спорт тарихында бұрын-соңды болмаған үлкен жетістік.

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Албания астанасы Тиранада өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында бірқатар халықаралық турнирдің қожайындары анықталды. Солардың ішінде Қазақстанның өтінімі де мақұлданып, Астанада 2027 жылғы футзалдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі өтетіні ресми түрде жарияланды.

Бұл тарихи шешім Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығының бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Құраманың жолдамасы

Финалдық кезеңге сегіз ұлттық құрама қатысады. Қазақстан құрамасы қожайын ел ретінде автоматты түрде турнирге жолдама алды. Бұл – біздің жас футзалшыларымыз үшін үлкен мүмкіндік, әрі жанкүйерлеріміз үшін ерекше мереке болмақ.

Бұл турнир тек қана спорттық дода емес, еліміздің халықаралық беделін арттыратын маңызды оқиға. Бұған дейін Қазақстан Еуропа чемпионаттарын қабылдамаған, сондықтан бұл шешім – УЕФА-ның елімізге артқан зор сенімі.

Айта кетейік

Астанада өтетін жастар арасындағы Еуропа чемпионаты – қазақ футзалының жаңа деңгейге көтерілгенінің айғағы. Бұл жарыс арқылы біздің жастар халықаралық тәжірибе жинап қана қоймай, өз жанкүйерлерінің алдында ойнап, ел тарихына алтын әріппен жазылатын жаңа белесті бағындыруға талпынады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары