Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бибісара Асаубаева FIDE Grand Swiss турнирінде көшбасшыны жеңді

Сарапшы, спорт журналисі
13.09.2025, 20:22

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан FIDE Grand Swiss and FIDE Women’s Grand Swiss 2025 турнирінде жарқын жеңіске жетті. 

Спортты дамыту дирекциясы
Реклама
Реклама

Самарқандтағы сенсация

Асаубаева 8-турда турнир көшбасшысы, үндістандық гроссмейстер Вайшали Рамешбабуды тізе бүктіріп, турнир кестесінде жоғарылады.

Ойын алғашқы 25 жүріске дейін тең дәрежеде өрбіді. Екі шахматшы да бір-біріне дес бермей, тактикалық күрес жүргізді. Алайда Вайшали күтпеген қателікке жол берді. Сол сәттен кейін қарсыласы уақытын қателікті түзетуге жұмсағанымен Бибісара ойын тізгінін уысынан шығармады. Қазақстандық шахматшы дәл әрі сенімді жүрістер жасап, жеңісті өз пайдасына шешті.

Қазақстандықтардың нәтижесі (8-тур):

Бибісара Асаубаева (2505) — 1:0 Вайшали Рамешбабу (2452, Үндістан)

Лея Гарифуллина (2477, FIDE) — ½:½ Меруерт Қамалиденова (2349)

Александра Мальцевска (2379, Польша) — 1:0 Ксения Балабаева (2383)

Мери Арабидзе (2444, Грузия) — 0:1 Елназ Қалиахмет (2299)

Турнирлік жағдай

Осы нәтижеден кейін Бибісара 6 ұпай жинап, 5-орыннан бірден үздік үштікке көтерілді. Ендігі қарсыласы — турнирдің жаңа көшбасшысы, 6,5 ұпайы бар Катерина Лагно. Бұл партия оның жүлделі орынға таласын айқындайтын шешуші кездесулердің бірі болмақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары