Футзалдан Қазақстан чемпионатының 3-турында «Семей» елдің көпжылдық көшбасшысы «Қайратты» қабылдап, тартысты ойында айқын жеңіске жетті.
Матчтың небәрі 1-минутта Дедезиньо қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. Алайда көп ұзамай қонақтар таразы басын теңестірді. 10-минутта «Семей» ойыншысы өз қақпасына гол соғып алды.
Үзіліс алдында алаң иелері қайтадан алға шықты. 20-минутта Педриньоның соққысы нәтижелі болып, «Семей» үзіліске басымдықпен кетті.
Екінші кезеңде «Семей» қарқынын үдете түсті. 25-минутта Бруно Гомес командасына үшінші гол сыйлады.
«Қайраттықтар» да жауапсыз қалмады. 28-минутта Дәурен Турсағұлов есепті қысқартты. Бірақ бұл нәтиже ұзаққа созылмады. 32-минутта Педриньо дубль жасап, қайтадан айырмашылықты ұлғайтты. Ал ойынның нүктесін 38-минутта Әбдірасыл Әбдуманапұлы қойып, соңғы есепті белгіледі — 5:2.