Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қала спортшыларының әлемдік аренадан олжалаған жетістіктерін атап өтті.
Ол бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері — Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Виктория Графеева, Елдана Тәліпова, сондай-ақ күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқожа Қайпановты салтанатты түрде құттықтап, ақшалай сертификаттармен марапаттады.
«Жарқын жеңістеріңізбен құттықтаймын. Бұл — қос қуаныш. Себебі алматылық спортшылар бокс бойынша ұлттық құрамаға 4 медаль сыйлады. Бұған қоса, күрестен тағы бір жүлде еншіледі. Бұл — біздің ортақ мақтанышымыз», – деді әкім құттықтау сөзінде.
Спортшылардың бапкерлеріне де алғыс хаттар және ақшалай сыйақылар табысталды. Алматыдан шыққан төрт боксшының барлығы да әлемдік додада жүлдегер атанды:
Ал күрес майталманы Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.