Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында төрт медаль еншіледі

Сарапшы, спорт журналисі
01.10.2025, 12:44

Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорт түрлерінен құрлықтық чемпионатта қазақстандықтар табысты өнер көрсетіп жатыр.

olympic.kz
Реклама
Реклама

Алтын медаль Әділбек Мусинге бұйырды

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Азия чемпионы атанды. Ол финалда 23.74 секундтық нәтиже көрсетіп, барлық қарсыласынан озып шықты.

Осы қашықтықтағы шешуші сында Мусиннің командаласы Максим Сказобцов мықтылық танытып, 23.90 секундтық уақытпен үшінші орын алды.

Әйелдер арасындағы жетістік

Әйелдер арасында да қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалған жоқ:

  • София Абубакирова күміс медаль иеленді.
  • Софья Сподаренко қола жүлдеге қол жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан командасы Азия чемпионатында 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, ел қоржынына тағы төрт жүлде қосылды: бір алтын, бір күміс және екі қола.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары