Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үшінші рет жеңіске жетті
07.10.2025, 19:05
Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясындағы су спорты жарыстарында Қазақстан ерлер құрамасы кезекті сенімді жеңісіне жетті.
Спортты дамыту дирекциясы
Сингапурға қарсы үшінші жеңіс
Қазақстандық ватерполшылар топтық кезеңнің үшінші кездесуінде Сингапур құрамасын 11:7 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі ұпай санын еселеді.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты спорт комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, біздің команда жарыстың барлық матчтарында жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп келеді.
Бұған дейінгі матчтар
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы турнир фавориттерінің бірі болған Жапонияны 14:12 есебімен тізе бүктірген. Ал екінші кездесуде Үндістан құрамасын 20:6 есебімен ойсырата жеңіп, өз тобында көшбасшы атанды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама