Реклама
Реклама

Қазақстандық ватерполшылар Өзбекстанды тас-талқан етті

Сарапшы, спорт журналисі
10.10.2025, 17:17

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Спортты дамыту дирекциясы

Ширек финалда біздің команда Өзбекстан құрамасынан 27:11 есебімен басым түсті. Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қазақстандықтар тізгінді қолға алып, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.

Бұл нәтижемен Қазақстан құрамасы құрлықтың төрт үздік командасының қатарына енді. Енді біздің спортшылар финалға шығу үшін Қытай құрамасымен күш сынасады. Қытай да турнир барысында жоғары деңгей көрсетіп келеді.

Реклама
Реклама