Баскетболдың тірі аңызы, NBA жұлдызы Пол Пирс Калифорнияда полиция тарапынан мас күйінде көлік басқарды деген күдікпен ұсталды.
Оқиға Сан-Фернандо аңғарының 101-автострадасында болған. Полиция қызметкерлері жол апатына байланысты тексеріс жүргізу кезінде Range Rover көлігінің жүргізушісін рөлде ұйықтап жатқан күйінде тапқан.
«Көліктен алкоголь иісі сезілді. Тексеру барысында жүргізушінің мас күйде болғанына айғақтар анықталды», — делінген Калифорния жол патрулі таратқан ресми хабарламада.
Пол Пирс сол сәтте тұтқындалып, кейін сотқа шақырту алған соң қамаудан босатылған.
47 жастағы Пол Пирс — НБА тарихындағы ең жарқын ойыншылардың бірі. Ол 19 маусым бойы үздік лигада ойнап, 10 мәрте All-Star құрамына енген.
2008 жылы Бостон Селтикс сапында Пирс НБА финалының ең үздік ойыншысы (MVP) атанған.
Спорттан кеткеннен кейін Пирс ESPN телеарнасында сарапшы болып жұмыс істеген. Бірақ 2021 жылы Instagram-дағы даулы видеолардан кейін — онда ол марихуанаға ұқсас зат шегіп, стриптиз билеуші бикештермен көңіл көтерген. Содан жұмыстан қуылды.