Қазақстан құрамасының қола медаль үшін кездесуі триллермен аяқталды
Жарнама
Жарнама
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетіп келеді.
Қола медаль үшін тартысты ойын Қазақстан мен Тайланд әйелдер құрамалары арасында өтті.
Негізгі уақыт 6:6 есебімен тең аяқталды. Барлығы шешуші пенальти сериясына қалды. Бұл жерде қазақстандық су добы шеберлері мінсіз өнер көрсетіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша жалпы есеп 9:8 болып, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бүгін қазақстандық ерлер құрамасы да қола медаль үшін өз ойынын өткізеді. Қарсыласы — Жапония құрамасы.
Жарнама
Жарнама