Реклама
Реклама

Қазақстан су добы шеберлері Азияның үздік үштігіне енді

Сарапшы, спорт журналисі
11.10.2025, 22:28

Ватерполдан ерлер құрамасы Азия чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Біріншілік Үндістанның Ахмедабад қаласында өтті.

NUR.KZ

Ерлер құрамасы әйелдер жетістігін қайталады

Шешуші ойында спортшыларымыз Жапония құрамасымен қола медаль үшін бақ сынады. Тартысты өткен матчта қазақстандықтар қарсыластарын 16:14 есебімен жеңіп, құрлық біріншілігінің қола жүлдесін иеленді.

Команда капитаны Михаил Рудай бұл ойында нағыз шеберлік танытып, 8 гол соқты.

Сондай-ақ, Алексей Шмидер мен Мстислав Бобровский дубль орындаса, Эдуард Цой, Мұрат Шәкенов, Алдияр Әкімбай және Руслан Ахметов бір-бірден гол енгізді.

Екі құрама да — үздіктер қатарында

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы да дәл осы турнирде қола жүлде иеленген.

Әйелдер арасында Қытай құрамасы чемпион атанып, финалда Жапонияны 22:17 есебімен тізе бүктірді.

Ал ерлер финалында да Қытай командасы үздік шығып, Ираннан пенальти сериясында басым түсті. 

Реклама
Реклама