Олимпиада тарихында аты алтын әріппен жазылған кеңес гимнасшы Александр Дитянин 69 жасында өмірден өтті. Оның 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасында қойған рекорды әлі күнге дейін бұзылған жоқ.
14 қазанда спорт әлемі ауыр жаңалықпен оянды — үш дүркін Олимпиада чемпионы, гимнастика тарихындағы ұлы есімдердің бірі Александр Дитянин өмірден озды. Бұл туралы РГПУ А.И. Герцен атындағы университеті хабарлады. Атақты спортшы соңғы жылдары оқытушы әрі жаттықтырушы ретінде еңбек еткен еді.
«Бұл — орны толмас қаза. Біз ұлы ұстаз бен нағыз аңыз спортшымен қоштасып отырмыз», — делінген оқу орнының ресми хабарламасында.
Александр Дитянин спорт тарихында 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасында ерекше жетістігімен есте қалды. Ол сол жарыста барлық сегіз мүмкін медальді жеңіп алған алғашқы және жалғыз гимнасшы болды.
Оның қоржынында:
Бұл тарихи нәтиже оған Гиннестің рекордтар кітабына енуге мүмкіндік берді және осы күнге дейін ешкім қайталай алмаған жетістік болып қалды.
Мансабын аяқтаған кейін де Дитянин спорттан алыстамады. Ол жас гимнасшыларды тәрбиелеп, Ресей спорттық гимнастикасының дамуына зор үлес қосты. Көптеген шәкірті оны тек мықты спортшы емес, педагогикалық таланты зор ұстаз ретінде еске алады.